Бақыт Сұлтанов «қиналып» жүрген кəсіпкерлерге ақыл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысын өткізген ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов жеке кəсіпкерлерге онлайн касса аппараттарын орнатса, оларды ешкім тексерумен қинай алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы қадап айтқан мəселелердің бірі - тексерулердің саны. Былтыр өткен 76 мың тексерудің төрттен бірі, яғни, 23 мың тексеру рейдтік тексеру болды. Бұл жерде біз мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне пайдасы жоқ болса, осы рейдтік тексерулерге шықпай-ақ қойсын деген тапсырма бердік. Тексерулердің көбі кассалық аппараттардың бар-жоғын тексеруге қатысты болып отыр»,-дейді министр.

Қаржы министрі кəсіпкерлерді онлайн касса аппараттарын орнатуға шақырды.

«Осы 23 мың тексеруді өткізбей-ақ қойсақ та болар едік. Тұтынушылар мен қызметтерге қатысты жұмыс жүргізсек жеткілікті. Тексеру жүргізетін əрбір адам өз аумағындағы кəсіпкерлермен тығыз жұмыс істеп, алдын ала ескерту қағаздарын таратса, жеткілікті. Мен де қазір кəсіпкерлерге өз ойымды айтқым келіп тұр. Сіздерден өтінерім, кассалық аппаратты орнатыңыздар, сонда сіздерді ешкім тексере алмайды, рейдтік тексеру өткізіп, қинамайды»,-дейді министр.

Соңғы жаңалықтар