Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпанда Бакудегі ТүркПА кеңсесінде Түркі кеңесі, Түркі академиясы халықаралық ұйымы, ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының төртінші үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат twesco.org сайтына сілтеме жасап.

ТүркПа Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов төрағалық еткен келелі кездесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева, Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев пен сарапшы мамандар қатысты.
null 

Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері 2017 жылы атқарған қызметтері туралы, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған жобалары жөнінде мәліметтер ұсынды. Сонымен бірге, хатшылықтар арасында үйлестіру жұмыстарын және ақпарат алмасуды жетілдіру туралы ортақ келісімге келді.

Тараптар сондай-ақ, ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы, ТүркПА-ның 10 жылдығы, ӘДР-дің 100 жылдығына және Түркі әлеміне ортақ танымал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы мен көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.
null 

Жиын соңында қатысушылар келесі V үйлестіру кеңесін 2018 жылы Әзербайжанда Түркі Мәдениеті мен мұрасы қоры өткізетіні туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар