Бакуде IV Ислам ынтымақтастығы ойындары жалғасып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының  палуандар арасында өткен бірінші ойын күнінде төрт медаль  иеленді.

Әзербайжан астанасында Мейірбек Юсупов пен Марат Ерденовтың қамқорлығындағы Жандос Смайылов (күміс), Ілияс Жұмай, Болат Сақаев және Мәмед Ибрагимовтер (барлығы - қола) ерекше көзге түсті.  

Болашағынан зор үміт күттіретін Жандос Смайылов финалда 57 кг. дейінгі салмақпен боз кілем иесі Махир Амираслановқа ең төменгі есеппен (4:5) жол берді, алайда айқастың ақтық сәтіне дейінгі есеп 4:3 еді. Әйтсе де, алдыңғы айқастарда Алматы облысының намысын қорғаушы йемендік Эбрахим Аль Шебамиден - 12:5 есебімен, ирандық Юнес Сармастидизажиден - 4:3 есебімен және өзбек Нодиржон Сафаровтан - 4:1 есебімен басым түсті.  

Қола медаль үшін айқаста қазақстандық Ілияс Жұмай (65 кг) Сауд Аравиясынан келген Халил Абдалиді  жер сипатса, Болат Сақаев (74 кг) мавритандық  Бокар Мбоджадан басым түсті, ал тәжірибелі палуан, 2016 жылы  Рио-де-Жанейрода өткен  XXXI жазғы олимпиада ойындарының қатысушысы Мәмед Ибрагимов (97 кг) пәкістандық Умайр Тарикті жеңді.

Бүгін, 20 мамырда басқа салмақ санатындағы  төрт палуанымыз жарысты  жалғастырады. Дәулет Шабабай (125 кг), Әділет Даулымбаев (86 кг), Данияр Құсайынов (70 кг) және Қуат Әміртаевтарға (61 кг) сәттілік тілейміз.       

Соңғы жаңалықтар