БАҚ: Үндістандағы су тасқынының салдарынан мерт болғандар 350-ден асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Үндістанның шығысындағы Ассам, Бихар және Батыс Бенгалия шттарындағы су тасқынының салдарынан 360 адам құрбан болды, деп жазады ТАСС.

NDTV телеарнасы сенбі күні аталған өңірлерде толассыз жауған жауынның салдарынан су қоймалары мен өзендердің арнасынан асып жатқанын жазады. Жауын аталмыш аймақтарда соңғы аптада тоқтаусыз жауған.

Телеарна таратқан мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әсіресе Бихар штатындағы жағдай өте қиын. Онда табиғи апаттан 153 адам құрбан болған. Құтқару жұмыстары үшін Бихарда төтенше жағдайлармен күрес құрылымдарының 28 бөлімшесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар 1 мың 765 дала асханаларының жұмысы жолға қойылып, онда 350 адамға көмек көрсетілуде.

Су тасқынынан қатты зардап шеккен екінші аймақ Ассам штаты болып отыр, мұнда 144 адам құрбан болды. Соңғы екі күнде жаңбыр тоқтаған. Осыған қарай билік өкілдері табиғат апатымен байланысты жағдайдың біршама оңала түскендігін айтуда. Алайда құтқарушылар су алған аймақтардың барлығын қарап көргенше, табиғат апатының құрбандар саны арта түсуі мүмкін.

Батыс Бенгалияда 52 адам мерт болды. Мұнда табиғи апаттан Уттар Прадеш штатының шығыс бөлігі қатты зардап шекті. Онда 14 адам өмірімен қош айтысты.

Соңғы жаңалықтар