БАҚ Пакьяоға Головкинмен жекпе-жекке шығу не үшін керек екенін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Крис Уильямс промоутер Боб Арумның оның клиенті «Мэнни Пакьяо Геннадиий Головкинмен шаршы алаңда кездесуі мүмкін» деген сөздеріне қатысты пікірін білдірді, деп жазды sports.kz">sports.kz .

«Пакьяо - Мэйвезер жекпе-жегіне алты жыл дайындық керек болды. Мұндай жекпе-жектен кейін Варгас, Клотти, Риос, Алджиери және Брэдли сынды белгісіз боксшылармен жұдырықтасу орға түсумен тең.   Пакьяо өзінің танымалдылық деңгейін сақтап қалу керек. Бұл үшін үлкен PPV жекпе-жектерін өткізу қажет. Бұл үшін Головкинмен жұдырықтасуы тиіс. Жеңілгеніне қарамастан, Келл Бруктың танымалдылығы күрт өсті. Мэнни үшін бұл пайда табу көзі. Егер ол бұл кездесуге келіспесе, тағы бірнеше нұсқалар бар: Кроуфорд, тағы Брэдли, Варгаспен қайта кездесу, Дэнни Гарсия, Адриен Бронер, Кит Турман», - деп жазды Уильямс.

Соңғы жаңалықтар