БАҚ өкілдері арасында кезекті байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ баспасөз, электронды және Интернет-БАҚ журналистері арасында компанияның 20 жылдағы қызмет нәтижелері мен Қазақстан ұлттық электр энергетикалық торабын дамытудың маңызды мәселелері тақырыбындағы ең үздік жарияланымдарға шығармашылық байқау өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған байқау 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл БАҚ назарын электр энергетикасы саласының дамуына, жағымды өзгерістерге, еліміздің электр энергетикасында болып жатқан оқиғаларға, сондай-ақ компанияның қазіргі және келешектегі инвестициялық жобаларына ақпараттық қолдау көрсету мәселелеріне аударуға бағытталған. Байқауға қатысу үшін отандық баспасөз, электронды және Интернет-БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтардан 10 желтоқсанға дейінгі аралықта жарық көрген материалдар қабылданады.

Үміткерлер 2017 жылдың 2 желтоқсанына дейін өтінім формасын толтырып, өз жұмыстарын (жарияланған материалдың көшірме нұсқасын және/немесе материалдың аудио-видео жазбасын) [email protected], [email protected], [email protected] электронды мекен-жайына, сондай-ақ 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59, «KEGOC» АҚ Мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттестік және коммуникациялар департаментінің мекен-жайына «БАҚ байқауына өтінім» деген белгімен баспасөз және электронды нұсқасын жібере алады.

Байқау біліктілік талаптарынсыз бір кезеңде өткізіледі. Байқау комиссиясы тіркелген қатысушылардың арасынан 10 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Шығармашылық жұмыстар кәсіби шеберлік, материалдың өзектілігі, жанр сәйкестігі, бұқараға қолжетімділігі және баяндалуы ұғынықты болу критерийлері бойынша бағаланады. Байқаудың қорытындылары 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылады.

Соңғы жаңалықтар