БАҚ өкілдері арасында «Ғажайып Бурабай» атты байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин БАҚ өкілдері арасында «Ғажайып Бурабай» атты байқау жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінгі күні Орталық коммуникациялар қызметінің платформасын пайдалана отырып, мен Ақмола облысының туристік әлеуетінің үздік насихаты үшін БАҚ өкілдері арасында байқау жариялаймын. Байқау бес номинация бойынша өтеді. Байқаудың жеңімпазына 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге және үшінші орын үшін 200 мың теңге көлемінде арнайы әкімнің табысталады. Барлығын осы байқауға қатысуға шақырамын!», - дейді Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Байқау «Үздік телебағдарлама», «Басылымдағы үздік мақала», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік интернет жарияланым» бойынша жұмыстар қабылданады. Байқаудың қорытындысы келесі жылы «Туризм» күні жарияланады.

Соңғы жаңалықтар