БАҚ: Қытайлық барлаушылар Пентагонның құпия жоспарларын ұрлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық барлаушылар Бейжіңмен АҚШ арасындағы дау болуы мүмкін деген болжаммен Пентагонның құпия жоспарларына қол жеткізу үшін АҚШ-тың ұлттық қаупсіздік құрылымдарына бірнеше рет жасырын түрде кірген, деп жазды Washington Free Beacon конгресс комиссиясының баяндамасына сілтеме жасап.

Құжатта қытайлық агенттер ФТБ мен АҚШ Тынық мұхиттық басқару (USPACOM) ұйымына кірген.

Пентагонда тыңшылық даудың ең ірісі USPACOM келісімшарт бойынша қызметкері болған отставкадағы подполковник Бенджамин Пирс Бишоппен (Benjamin Pierce Bishop) байланысты. 2014 жылдың наурызында ер адам құпия мәліметтерді қытайлық қызға беріп отырғанын мойындады.

Пентагон мәліметтері бойынша, Бишоп дос қызына АҚШ-тың әскери жоспарларына қатысты құжаттарды, ядролық қаруды күшейту, MQ-9 Reaper бойынша құжаттарды және Қытайға қатысты құпия болған стратегия бойынша баяндаманы өткізген.

Баяндамада Бейжің «жасырып енгізді» деген өзге шенеуніктер туралы мәліметтер де бар. Мысалы тамыз айында ФТБ IT-қызметкері Кунь Шань «Джо» Чунь қытайлық тарапқа бюроның аңду саласындағы технологиясы туралы құжаттарды тапсырғанын айтқан. Кей құжаттар АҚШ тергеу желісіне қауіп төндіруі мүмкін.

«Ұрланған мәліметтердің ішінде 5,6 миллион саусақ ізі болған. Олардың кейбіреулері жасырын жұмыс істеп жүрген АҚШ үкіметтік агенттерін анықтауға немесе құпия материалдарға қол жеткізу үшін биометриялық материалды көшіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін», - деп атап өтілген құжатта.

Washington Free Beacon баяндаманың толық нұсқасы 16 қарашада жарияланатынын жазды.

Соңғы жаңалықтар