БАҚ Джейкобске Головкинді жеңудің жалғыз мүмкіндігін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - FirstClassBoxing.com сайтының журналисі Джейк Коллинс америкалық боксшы Дэниел Джейкобске (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы қалай жұдырықтасу керегін айтты, деп жазды Sports.kz.

«Джейкобс Головкинді 12 раундта жеңе алмайды. Бір ғана тәсіл бар, бірақ ол өте қауіпті. Одан басқа жол жоқ. Энди Лидің болжағанындай, Джейкобс 3-4 раундқа ғана дайындалғаны жөн. Тек бастапқы раундтарда ғана ол Головкинге соққы бере алады. Әдетте Геннадий айқасты өте жай бастайды және ең басты мәселе - Геннадий қарсы шабуылға мықты - ол ең мықты деген Мартин Мюррейді ұрған», - деп жазды Коллинс.

Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар