БАҚ: Ақтауда атыс болып, көшелер жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау полицейлері 6 және 8 шағын аудандар аралығындағы көшелерді жауып тастады, деп хабарлайды Lada.kz.

Бұл жерде төбелес болып, арты атысқа ұласқан. Оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатқан полицейлер екі аудан аралығындағы көшелерді жауып тастады. Куәгерлер төбелес ішінде болған бір ер адамның ұсталғанын айтады.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, төрт адам төбелескен. Кейін оқ атылған. Бір адам ұсталған, енді бірінің жерде жатқанын көргендер бар. Куәгерлердің айтуынша, ол жан тапсырған. 

Соңғы жаңалықтар