«Baikonyr invest» инвестициялық форумында отызға жуық келісім мен меморандумға қол қойылды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада халықаралық әріптестікті дамытуға арналған ІХ «Baikonyr invest»  инвестициялық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Форумға халықаралық және отандық бизнес саласының өкілдері, қаржы институттары мен корпорациялардың, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, сондай-ақ,  Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша және басқа да мемлекеттердің делегациялары қатысуда. 
null

Инвестфорумды  Қызылорда облысының әкімдігі "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Форум аясында қатысушылардың инвестициялық жобаларының көрмесі, сонымен қатар Ресей, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерімен өзара ынтымақтастықтың келешегі тақырыбында секциялық отырыстар, В2В, G2B, G2G кездесулері өтті. Нәтижесінде ынтымақтастық туралы отызға жуық келісім мен меморандумға қол қойылды.
null 

Инвестфорумның пленарлық отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады.

«Бізбен әріптестік орнатуға ниетті азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Біз инвесторлардың барлық тиімді ұсыныстарын қолдаймыз. Оларға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Ең бастысы, жүйелі жұмыс жүргізетін іскер азаматтармен әріптес болуды көздейміз»,- деді аймақ басшысы.

 Форумның пленарлық отырысында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов және әріптестікке мүдделі компаниялар, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, даму институттарының өкілдері сөз сөйледі.
null

 Форумның екінші күнінде меймандар түркі әлемінің абызы Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш кешенінің мұражайымен танысады деп жоспарлануда.  

null

Соңғы жаңалықтар