Бахытбек Есентаевтың ісіне қатысты алқа билер Талдықорғанда іріктелетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бахытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық істі қарайтын алқа билер енді Талдықорған қаласынан іріктеліп алынады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының ақпаратпен қамту бөлімі жетекшісі Айнаш Рахимбаеваның айтуынша, Қарасай аудандық сотында алқа билерді іріктеу мүмкін болмаған.

«Сот отырысы 18 қазанға ауыстырылды. Алқа билер енді Талдықорған қаласынан іріктелетін болады», - деді ол.

Айыпкердің адвокаты Бекболат Жексейітовтің айтуынша, басты сот отырысында алқа билерге үміткерлерді іріктеу жүргізілген. Алайда, сот тарапынан ол жарамсыз деп танылды. Себебі, іріктеуде қалған адамдар саны 17-ден кем болған.

«Қорғау тарапы алқа биге үміткер үш адамнан бас тартты. Мемлекеттік айыптаушы екі кандидатты тізімнен сызды. Заң бойынша 17 адам болуы керек еді, осыдан кейін іріктелгендер саны оған жетпеді. Сондықтан, сот бұл процедураны жарамсыз деп таныды», - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, Бахытбек Есентаев жұбайы Баян Есентаеваны 10 маусым күні соққыға жыққан. Ол әйелін бірнеше жерден пышақтаған болатын.

Аталған оқиға  бойынша, ҚР ҚК 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда, кейін ол қылмыстық кодекстің 99-бабының 24 тармағына ауыстырылды. 

Соңғы жаңалықтар