Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда.  Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қатар аталған осы қос мерекенің алдында әр уақытта Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмге дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тура келіп отыр.
null
«Қазақта елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жетістіктіктеріңіз үшін, халыққа үздік қызметтеріңіз үшін арнаулы атақтар мен шендерді тапсырғалы отырмын», - деп атап өтті Елбасы.

nullСонымен қатар Мемлекет басшысы мінсіз әскери қызметі мен ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға да  еліміздің жоғары дәрежелі орден, медальдарын тапсырғалы отырғанын атап өтті.

null«Біз ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде антқа берік, аманатқа  адал айбынды армиямызды тәрбиелеп, оны жабдықтап келеміз. Сайыпқыран сарбаздарымыз бен сардарларымыз қастерлі тәуелсіздігіміздің қорғаны бола білді, бола береді деп те сенемін. «Ұраны бар елдің ұланы бар» деген. Ұйытқысы берік ұландарымыз әскери әлеуетті нығайтып келеді. Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда деп айтуға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
nullnull

Мемлекет басшысы бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

nullnull

null

Соңғы жаңалықтар