Бағдатта кеңес басшысының көлігін жарып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 13-і күні Бағдаттағы провинция кеңесінің басшысы Рияд әл-Ададтың кортежін Иран астанасының солтүстік аудандарының бірінде жарып жіберді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Басшының өзі зардап шеккен жоқ, дегенмен оның күзетшілерінің бірі мерт болды. 

Шабуылды Аден алаңында жанкешті-террорист ұйымдастырған. Ол әл-Ададтың кортежін нысанаға алған. Жарылыстың салдарынан бір күзетші мерт болып, үшеуі жарақат алды. Сонымен қатар тағы 7 адам осы оқиғаның құрбаны болды. Олар жарылыс болған аймақтан өтіп бара жатқан кездейсоқ азаматтар мен құқық қорғау органының қызметкерлері болатын. Қосымша 8 адам жарақат алды. Террорист мотоцклмен келіп, провинция басшысының көлігінің жанына келгенде жарылғыш затты іске қосқан.

Соңғы жаңалықтар