Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

Бағаланбай қалған батырлар: Жұмаш РАХМЕТОВ

Бағаланбай қалған батырлар: Жұмаш РАХМЕТОВ
2017 жылғы 6 мамыр 05:56 542

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - тарихи шындыққа жету үшін олар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Жұмаш РАХМЕТОВ - бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың ас-танкистері тізіміне енген бірден бір адам. 1919 жылы Қарағанды облысы Қарсақбай ауданының 6-шы ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Сызрань танк училищесін бітірген.

Ж. Рахметов пен ол басқарған экипаж 11 жау танкісін, дзоттарын, жүздеген офицерлері мен солдаттарының көзін жойған. 1942 жылы 23 желтоқсанда Калинин облысы Оленин ауданы Вереиста деревнясы маңында қаза тапқан. Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. 1943 жылы 25 қаңтарда корпус командирі, генерал-лейтенант М. Катуков аға лейтенант Ж. Рахметовті Кеңес одағының батыры атағына ұсынғанымен ұсыныс жоғарыда бекімей қалған. 

Бағаланбай қалған батырлар: Жұмаш РАХМЕТОВ
Бағаланбай қалған батырлар: Жұмаш РАХМЕТОВ

 

 

 

Басты сөздер: Жеңіс күні, Бағаланбай қалған батырлар,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер