Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 340.95
EUR 408.73
RUB 5.87
CNY 51.80

Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ

Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ
2017 жылғы 9 мамыр 07:03 719

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ - 1907 жылы Семей облысының Мұрат ауылында дүниеге келген.

1931 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1937 жылға дейін қазақ кавалериялық полкінде қатардағы жауынгер, кіші командир болып қызмет еткен. Ташкенттегі әскери училищеде оқыған. 

1941 жылы шілде айында Алматыда құрылып жатқан 316-шы атқыштар дивизиясындағы 1075-ші атқыштар полкінің комсоргі болып тағайындалады. Мәскеу түбіндегі шайқаста Б. Жетпісбаев неше мәрте ерліктің үлгісін көрсетеді. 1942 жылы 23 шілдеде Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның командованиесі Б. Жетпісбаевты Кеңес одағының батыры атағына ұсынады. Өкінішке қарай, аласапыран соғыс кезінде бұл ұсыныс тиісті жеріне жетпей қалады. 1967 жылы Бауржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин бастаған бір топ майдангерлер Б. Жетпісбаевқа батыр атағының берілуін сұрап Мәскеуге хат жазады. Бірақ КСРО басшылығы өтінішті қанағаттандырмайды.

Б. Жетпісбаев 1947 жылы әскерден босап елге келеді. Ол екі Қызыл Жұлдыз, 1-2-3 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ
Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ
Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ
Бағаланбай қалған батырлар: Балтабек ЖЕТПІСБАЕВ

 

 

 

Басты сөздер: Бағаланбай қалған батырлар, Жеңіс күні,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер