Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

БАӘ мен Бахрейнге кәмелетке толмағандарды сатқан қазақстандық елге жеткізілді

БАӘ мен Бахрейнге кәмелетке толмағандарды сатқан қазақстандық елге жеткізілді
2017 жылғы 15 қараша 17:12 1061

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге кәмелетке толмағандарды сексуальды мақсатта пайдалану үшін сатқан еліміздің азаматы Дубайдан Қазақстанға жеткізілді. 

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 13 қарашасында ҚР Қылмыстық кодексінің 128 бабы 3 тармағы (Адамдарды сату) және 135 бабы 3 тармағында (кәмелеттік жасқа толмағандарды сату) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін Интерпол арналары арқылы іздеуде болған қазақстандықты ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы мен Бас прокуратурасы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. Ол сексуалды мақсатта пайдалану үшін БАӘ мен Бахрейнге еліміздің кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз сатуды ұйымдастырған», - деді ол.

Алмас Садубаевтың айтуынша, өткен жылдың 21 қыркүйегінде қазақстандық Интерполдың сұрауы бойынша  Дубай қаласында ұсталған.

«Қазіргі уақытта ол қамауға алынды», - деді департамент басшысы.

 

 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер