БАӘ елшілігі Астанадағы балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйіне қайырымдылық көмегін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің әріптестерім мұның алдында осы балалар үйіне келіп, танысып кетті. Олар балалар үйінің ұжымымен, басшылығымен тығыз байланыс орнатып, еліміз үшін осындай бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз бар екендігін маған айтқан еді. 2017 жылды Біріккен Араб Әмірліктері «Қайырымдылық жылы» деп жарияланған болатын. Бүгінгі қайырымдылық көмегіміз осы жылдың аясында жасалып жатқан шара деп біліңіздер»,- деді Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Әл-Джабер қайырымдылық көмекті табыстау шарасы барысында.

Акция благотвор  ОАЭ 

Ал Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сәуле Кенжебаева ұжым атынан елшіге ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын жеткізді.

Акция благотвор  ОАЭ 

«Балаларға деген ыстық ықыласыңыз үшін ризашылығымызды қабыл алыңыз. Сіз сияқты мейірімді адамдардың арқасында еліміздің балаларының балалық шағы бақытты өтетіндігіне сенеміз»,- деді Сәуле Кенжебаева.

Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйінің барлық бөлмелеріне, сонымен бірге сыртқы ауласына бейне камералар орнатып берді. Мұнан бөлек, әрбір бөлмеге арналған ауа ылғалдағыш құрылғыларын табыстап отыр.

Акция благотвор  ОАЭ Акция благотвор  ОАЭ Акция благотвор  ОАЭ Акция благотвор  ОАЭ

Соңғы жаңалықтар