БАӘ-де Халықаралық үкіметтік форум басталды

None
None
ШАРДЖА-АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа әмірлігінде бүгін 7-ші Халықаралық үкіметпен байланыс форумының жұмысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы жылы Шарджа ЭКСПО орталығында өткен форумның қатысушылары цифрлық технологиялар дәуірінде үкіметтің болашағы қандай болатындығын анықтауға тырысады.

Форумды ашқан Біріккен Араб Әмірліктерінің Жоғарғы Кеңесінің мүшесі және Шарджа әмірлігінің басшысы шейх Сұлтан бин Мұхаммед Әл-Касими жаңа ақпараттық дәуірдің жақындап келе жатқанын айтты.

«Цифрлық революция қарқынды дамып келеді, тек бірнеше үкімет қана қазір осыны түсініп жұмыс істей бастады. Біз цифрлық революцияның болашағына сенеміз », - деді ол.

Шарджа әмірлігінің басшысы жаңа технологиялар жас ұрпаққа қауіпті қару болып табылатынын айтты. Оның айтуынша, үкіметтің тапсырмалары осы қаруды дұрыс емес мақсаттарға қолдануға кедергі жасайтын мұқият тәсілдерді дамытуды жүзеге асырады.

Биылға форумға Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Шон Спайсер, Нобель сыйлығының иегері, Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса, Apple компаниясының өкілі Стив Возняк, «Уикипедия» авторы Джимми Уэйлис және 14 жастағы данышпан бала Танмай Бакши сияқты тұлғалар қатысуда.


Фото: wam.ae

Соңғы жаңалықтар