«Б» корпусының мемқызметшілері аттестациядан өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат «Б» корпусының 660 қызметкері аттестациядан өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Ұлт жоспарының 15-қадамы аясында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін бірінші жартыжылдықта кешенді аттестациядан өткізуді тапсырған болатын. Бұл Елбасы жария еткен институттық реформаның логикалық жалғасы саналады. Өткен жылы оны жүзеге асыру аясында жаңа құқықтық жағдай қалыптастырылып, мемлекеттік қызмет туралы заңнама жаңғыртылды. Мирикратиция ұстанымымен мансап жолында жоғарылату шарттары жасалды. Қазіргі аттестациялаудың бұған дейінгі аттестациядан айырмашылығы қызметкерлердің әлеуетін бағалау болып отыр», - деді аттестациялау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Оның айтуынша, осы жолы аттестациядан өтетін мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы білуі бағаланбайды.

«Қазір біз құзыреттерін анықтаймыз. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау дағдысы тексеріледі. Бүгін құзыреттерін тестілеуді бастадық. Одан Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің қызметкерлері, министрліктер мен облыстық деңгейдегі басшылық қызметтегі тұлғалар өтеді. Республика бойынша бүгін 660 адам тест тапсырады. Мұнан ары тестілеу  кестеге сай жүргізіледі. Ол біздің сайтымызда орналастырылған», - деді Шайымова.

Агенттік төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, тестілеу 1 ақпаннан бастап  наурыз айының соңында дейін жалғасады.  Ол үш деңгейде жүргізіледі. Бірінші  деңгейде орталық аппарат қызметкерлері, екінші деңгейде облыстық басшылық қызметкерлер, ал соңғы деңгейде аудандық деңгейде өтіп, онда аудандық және ауылдық мемлекеттік қызметшілер тест тапсырады.

Соңғы жаңалықтар