«Б» корпусында аттестаттаудан босатылған мемлекеттік қызметшілер белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның мүшесі Анатолий Пепенин "Б" корпусында аттестаттаудан босатылған мемлекеттік қызметшілерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Президент Жарлығы бойынша, аттестаттаудан: «зейнеткерлік жасқа 2 жыл қалған тұлғалар, бала күтіп отырған немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар аналар, 14 жасқа дейінгі баласы бар немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар жалғызбасты аналар босатылған. Сонымен қатар, "А" корпусының қорына енгізілген мемлекеттік қызметшілер. Осы адамдар аттестаттаудан өтпесе де болады", - деді Пепенин Астанада өткен брифингте.

Оның түсіндіргеніндей, қазіргі уақытта "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында кешенді аттестация өтуде.

"Біз бұл жұмысты 7 ақпанда бастадық. ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басқарушы буындары арасында әңгімелесу жүргізу үшін құрылды. Оларға министрліктердегі департамент басшылары, облыстық басқарма басшылары, Президент Әкімшілігі қызметшілері, Премьер-Министр Кеңсесі, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілігі қызметшілері кіреді. 17 ақпанда комиссия орталық орган қызметшілері арасында әңгімелесу өткізеді", - деді ол.

Жоғары аттестациялық комиссия алдында әңгімелесу 10 наурызға дейін жалғасады. Жалпы аттестаттаудан 1300 мемлекеттік қызметші өтеді.

Соңғы жаңалықтар