Азия-Тынық мұхиты өңірінде 400 млн-ға жуық адам кедейшілікте өмір сүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі (АТӨ) 400 миллионға жуық адам немесе әрбір оныншы тұрғын кедейлік шегінде өмір сүреді. 

Мұндай деректер Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) жаңа баяндамасында келтірілген, деп хабарлайды ТАСС ұйымның штаб-пәтерінен.

Құжатта аталмыш мәселені шешу үшін «аумақты қалаландыру, кедей қалалық аудандарды басқарудың тиімділігін арттыру, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымды инвестициялау» сияқты тетіктер көрсетілген. Баяндаманың авторлық құрамына енетін Азия даму банкі сарапшыларының бағалауына сәйкес, АТӨ елдеріне жыл сайын «инфрақұрылым климатын өзгерту үшін $1,7 трлн инвестиция қажет».

ЭСКАТО - АТӨ елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету мәселелерімен айналысатын БҰҰ-ның ірі өңірлік комиссиясы. 1947 жылы құрылған бұл ұйымға Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 53 мемлекет мүше болып табылады. ЭСКАТО-ның штаб-пәтері Бангкокта (Таиланд) орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар