Азия ойындары: қазақстандықтардың 25 ақпандағы жарыс кестесі

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандықтар спорттың бес түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтар болсақ, тау шаңғысы, биатлон, хоккей, трамплиннен секіру және мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрлерінің барлығынан медальдар сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Саппорода өнер көрсетіп жатқан отандастарымыз кеше жалпы медальдар санын 19-ға жеткізген болатын. Оның  бесеуі - алтын, алтауы - күміс, сегізі қола медальдар. Бірақ, жалпы есептегі орнымыз (4-інші) өзгерген жоқ.

Кешегі жалпы есеп бойынша Жапония құрамасында  - 57 жүлде (19 алтын, 20 күміс, 18 қола), екінші орындағы Оңтүстік Корея құрамасының еншісінде 41 жүлде (14 алтын, 13 күміс, 14 қола) бар. Ал үздік үштіктен түспей келе жатқан қытайлықтар өз қоржынын 24 медальмен (9 алтын, 8 күміс және 7 қола) толықтырды.

Жарыс кестелері Астана уакытымен көрсетілген

Тау шаңғысы

06:30 - Слалом. Әйелдер

Мария Григорова, Екатерина Карпова

 

07:15 - Слалом.Ерлер

Игорь Закурдаев, Захар Кучин

 

Биатлон

07:00 - Аралас эстафета (2×6 км - Әйелдер, 2×7,5 км -Ерлер)

Қазақстан құрамасы (Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий)


Хоккей

09:00 - Әйелдер. Қазақстан - Таиланд

 

Трамплиннен секіру

11:00 - Үлкен трамплин. Командалық жарыс. Қазақстан ерлер құрамасы

 

Мәнерлеп сырғанау

14:00 - Еркін бағдарлама. Әйелдер

Аиза Мамбекова, Элизабет Турсынбаева. 

Соңғы жаңалықтар