Азия ойындары: қазақстандықтардың 23 ақпан күнгі жарыс кестесі

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппородағы VIII қысқы Азия ойындарында қазақстандықтар спорттың бес түрінен, атап айтқанда, биатлон, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келеді.

Ал кешегі есеп бойынша көш басында Жапония спортшылары келе жатыр. Олардың еншісінде әзірге 12 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль болса, екінші орындағы Оңтүстік Корея елінің қоржынында 10 «алтын», 11 «күміс» және 13 «қола» бар. Қытайлық спортшылар осы уақытқа дейін 6 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, үшінші орынға орналасып отыр. 



Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.

Биатлон

07:00 - Спринт. 10 шақырым. Ерлер

Максим Браун, Василий Подкорытов, Ян Савицкий, Антон Пантов

09:00 - Спринт. 7,5 шақырым. Әйелдер

Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Дарья Усанова

  

Тау шаңғысы

07:00 - Гиганттық слалом. Әйелдер

Екатерина Карпова

 

Шаңғы жарысы

07:00 - 5 шақырым, классикалық үлгі. Әйелдер

Дарья Ряжко, Ангелина Шурыга, Анжелика Тарасова, Елена Коломина

08:00 - 10 шақырым, классикалық үлгі. Ерлер

Ердос Ахмадиев, Николай Чеботько, Сергей Черепанов, Сергей Малышев

 

Конькимен жүгіру спорты

10:00 - 1500 метр. Ерлер

Станислав Палкин, Федор Мезенцев, Денис Кузин

11:03 - Масс-старт. Әйелдер

Елена Урванцева, Надежда Сидельник

11:48 - Масс-старт. Ерлер

Дмитрий Бабенко

  

Шайбалы хоккей

12:30 - Әйелдер. Қазақстан - Гонконг 

Соңғы жаңалықтар