Азия мен Солтүстік Еуропа тоғысындағы «Нұрлы жолдың» жаңа перспективалары ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Коувола қаласында Теміржолшылардың 2017 жылғы форумы өтіп, оған Финляндия Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Анни Бренер мен кедендік қызметтің басшылығы, Хельсинкиде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер және Қазахстан, Финляндия, Ресей және Қытай келген 300-ге жуық транзиттік-көліктік компаниялар қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хаюарлайды.

Іс-шара 2016 жылдың желтоқсан айында Коувола-Калуга-Қорғас-Чжэнчжоу бағыты бойынша «Шығыс көлік дәлізін» ашу туралы жоғарыда аталған елдер өкілдерінің арасында төртжақты келісімін жүзеге асыру аясында орын тепті.

Финляндия көлік ведомствосының басшысы өз сөзінде Солтүстік Еуропа логистикалық хабы ретінде позициясын нығайтуды көздейтін Суоми стратегиясы контекстінде бұл форумның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар А. Бренер, логистикалық әлеуетті толық пайдалана отырып, Скандинавия мемлекеттері мен Азияны байланыстыратын жаңа жол түзіп отырған елдерге тиесілі транзиттік-көліктік жүйелердің өзара іс-қимылын әртараптандыруға Хельсинкидің мүдделігін растады.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов алқалы басқосуға қатысушыларды Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 экономика қатарына қосылуын қамтамасыз ететін басымдықтар мен мақсат-міндеттер туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломаттың пікірі бойынша, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жылсайынғы жолдауы мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық бағдарламасына сәйкес кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру бүгінде Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуына мүмкіндіктерді еселейтін тарихи қадамдары болып табылады.

Сондай-ақ, М. Нұртілеуов қазақстан-фин кооперациясына тоқтала келе, екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа мазмұнмен толықтыруға зор мүмкіндіктер ашатын бірқатар бағыттардың перспективаларына тоқталып, оның ішінде дигитализация, роботтау, ІТ мен коммуникациялардың болашағы кемел боларына сенімін білдірді. 

«Жаңа геоэкономикалық парадигманы қалыптастыру жағдайында Қазақстаның негізгі артықшылықтары ретінде еліміздің тиімді географиялық орналасуын, саяси тұрақтылығын және дамыған транзиттік-көліктік инфрақұрылымын ерекше атау орынды. Соның айқын дәлелі ретінде Азия мен Еуропаның арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастық аясын кеңейтуге үлкен арқау болған Астананың жетекші халықаралық және өңірлік үдерістердегі рөлі мен жетістіктерін келтіруге болады», - деп мәлімдеді дипломат.

Трансқұрлықтық жаңа дәлізді ашудың өзектілігі жөнінде осы тың бастаманың жүзеге асуына тікелей атсалысып отырған елдердің іскерлік топтары да қолдау көрсетіп сөз сөйледі. Осы ретте, «Қорғас-Шығыс қақпа» ЕЭА директоры Жасұлан Хамзин және «ҚТЖ Экспресс» АҚ департамент директоры Алмат Кәрімов өз таныстырылымдары аясында аудиторияны Қазақстанның көліктік стратегиясының іске асырылуы барысымен, сондай-ақ  Қазақстан және Қытай шекарасындағы логистикалық инфрақұрылымдар жұмысының дамуымен таныстырды. 

Соңғы жаңалықтар