Азия чемпионатына қандай қазақстандық марафоншылар қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Донггуан қаласында өтетін марафоннан Азия чемпионатына қатысатын жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР жеңіл атлетика федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен құрлық біріншілігіне Дана Айдосова, Алексей Гусаров (Алматы), Әмір Байтуқанов (ШҚО)  және Әйелдер арасындағы еліміздегі ең үздік марафоншы Гүлжанат Жанатбек қатысады.

 «Гүлжанат алғашында Сингапурдегі халықаралық марафонға қатысады деп ойлағанбыз. Бірақ кейіннен Азия чемпионатына баратын болып шешілді. Азия чемпионаты 26 қарашада өтеді. Біз спортшының жеке бапкері Лилия Шобуховамен жеке сөйлестік. Құрлық біріншілігіне 1,5 ай уақыт бар. Сондықтан спорттық бабын жоғалтпай, жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Ол марафоннан ұлттық көшбасшысы», - дейді бас бапкер Григорий Егоров.

Айта кетейік, спортшыларды Қытайға Михаил Сорокивский алып барады. Азия чемпионаты 26 қарашада басталады.

Соңғы жаңалықтар