Азия чемпионаты: ескі Әнұранның «жыры» бітетін емес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Сингапурда өткен ММА бойынша Азия чемпионатында келеңсіз жағдай болды. Қазақстан спортшысын марапаттау рәсімінде тағы ескі Әнұран ойнатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтынға ие болғандардың ішінде Ерназ Мұсабек те бар. 56,7 келі салмақта ол өз қарсыласын тұншықтыру тәсілімен жеңіп, IMMAF халықаралық ұйымының ММА бойынша Азия чемпионы атанған болатын. Дәл осы спортшымызды марапаттау рәсімі кезінде Қазақстанның ескі Әнұраны қойылды. Алайда ұлттық құраманың мүшелері сасқан жоқ. Гимнді акапелламен, сол жерде тұрып, өздері шырқап берді.

 

Айта кеткен жөн, 61,2 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы палуан Олжас Молдағалиев те Азия чемпионы болды. Ұлттық құраманың ең жас мүшесі - 18 жастағы Жан Кенжебаев 77,1 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медаль иегері атанды. Ал Аян Тұрсын мен Бекзат Жасия күмісті қанағат тұтты.  

Соңғы жаңалықтар