Азиада-2017: Трамплиннен шаңғымен секіруде Ткаченко қола медаль иеленді

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының төртінші күні қоржынымыз тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Трамплин спорты бойынша тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко (238.0 ұпай) қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл сайыста 254.0 нәтижемен бас жүлдені жапондық Юкия Сато иеленсе, екінші орынға оның жерлесі Юкен Иваса (251.0) тұрақтады.
Осы спорт түрінен сынға түскен қазақстандық Марат Жапаров - жетінші орында (198.5), ал Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко - тоғызыншы орынды иеленді (178.5).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ спортшылары 4 медаль жеңіп алған болатын. Сонымен жалпы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальға да қол жеткіздік. Алтын медальді шаңғы спортынан 15 шақырымдық жекелей сында Ринат Мухин жеңіп алса, күмістің бірін шаңғышы Елена Коломина, екіншісін 1000 метрге конькимен жүгірушілер сайысында Денис Кузин қанжығасына байлады.
Ал қола медальді шаңғышы Елена Коломина мен тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко иеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар