Азиада-2017: Конкишілеріміз тағы бір қола медаль жеңіп алды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында конкишілеріміз тағы бір қола медал жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Жетінші медальды Қазақстан қоржынына конькишілеріміз салды. Олар эстафеталық жарыстан үздік үштіктің қатарынан табылды.
Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды айдын иелері алды.

Қазақстан құрамасы сапында эстафета жүгірген спортшылар: Дмитрий Бабенко, Денис Кузин және Федор Мезенцев.

Қысқы Азия ойындары-2017. Саппоро (Жапония)

Коньки. Із кесу сайысы. Эстафета

1. Оңтүстік Корея - 3:44.32
2. Жапония - +1.61
3. Қазақстан - +15.05.

Соңғы жаңалықтар