Азиада-2017: Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль үшін сынға түседі

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шыға алмады, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 1/2 финалында отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасынан жеңіліп қалды, есеп - 3:15.

Енді жерлестеріміз қола медаль үшін Жапониямен тартысады. Ал финалда Оңтүстік Корея Қытай құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы соңғы ойынын қытайлық Тайбэй құрамасына қарсы өткізіп, 13:2 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Жалпы керлингтен ерлеріміз Азиадада бес ойын өткізіп, катарлықтармен өткен ойында ғана қарсыластарын 12:4 есебімен ұтып, қалған төртеуінде жеңіліс тапты. Ең алғашқы жарыста Қытай құрамасымен жолығып,  12:1 есебімен жеңіліс тапса, екінші ойында Оңтүстік Корея еліне де 12:1 есебімен ойсырай жеңілді. Ал үшінші ойында шаршы алаң қожайындарына 13:4 есебімен жол берді.

Енді спорттың бұл түрінен қыздарымыз қола медаль үшін барын салады деген үміттеміз.

Соңғы жаңалықтар