Азиада-2017: Қазақстанның жалпы медальдар саны 12-ге жетті

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар медальдар санын 12-ге жеткізді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін  ең бірінші шаңғыдан 5 шақырымдық классикалық жарыста Елена Коломина Қазақстан қоржынына үшінші күміс медальды сыйласа, ізінше биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спрингтік жарыстан отандасымыз 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды. Бұл бәсекеде алтын медальды Ян Савицкий қоржынымызға салса, күмісті тағы бір жерлесіміз Василий Подкорытов еншіледі.

Ал бұлардан кейін көп уақыт күттірмей жарыс алаңына шыққан аруларымыз  - Галина Вишневская мен Алина Райкова 7,5 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыстан алтын 1 алтын 1 қола медальды қоржынымызға салды .

Осылайша бүгін жерлестеріміз жалпы медальдар санын 12-ге жеткізді.
Бүгін спортшыларымыз спорттың 5 түрінен, атап айтқанда, биатлон, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден сынға түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар