Азиада-2017: қазақстандық хоккейші қыздар Гонконг қақпасына жауапсыз 19 шайба салды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында қазақстандық хоккейші арулар қарсыластарынан ірі есеппен басым түсті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейші қыздарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша жерлестеріміз жүлдеге бір табан жақындай түсті.

Бұл - спортшыларымыздың  VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы екінші жеңісі. Осыған дейін, Александр Мальцев шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Оған дейін Жапониямен ойында 0:6 және Қытайдан 3:8 есебімен жеңілген болатын. Бүгінгі жеңіс Қазақстан құрамасын  қола медальге бір табан жақындатты.  

Енді аруларымыз 25 ақпанда Таиланд бұрымдыларымен мұз айдынында кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар