Азиада-2017: Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада алтыншы орын алды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада алтыншы орын алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгінгі сайыста 53,16 ұпай жинады. Тұрсынбаевадан озған бес спортшы: австралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), Қытайдың екі өкілі - Ли Цзыцзюнь (58,65) және Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30).

Сондай-ақ осы бәсекеде бақ сынаған тағы бір аруымыз Айза Мамбекова сегізінші орында келеді. Ол 49,99 ұпай жинады. Енді отандастарымыздың еркін бағдарламасы 25 ақпанда Астана уақыты бойынша 14:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар