Азиада-2017: Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгін  5 шақырымдық классикалық жарыстан мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына үшінші күмісті сыйлады.

Айта кетейік, бұл - Коломинаның Саппородағы жеңіп алған үшінші жүлдесі. Спортшымыз осыған дейін, шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында тағы да күміс медаль жеңіп алса , одан кейін, 10 шақырымдық еркін жүгірістенқола медальді иеленді. 
Қазір Қазақстан 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен жиыны 8 жүлдемен жалпы есепте төртінші орында келеді.

Фото авторы: Ізтұрған Алдауев 

Соңғы жаңалықтар