Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлестеріміз жүлдеге биатлоннан өткен аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) ие болды. Бұл бүгінгі қоржынымызға түскен алғашқы медальдар. Алда тағы да бәсекелер күтіп тұр. Бұл медальдар саны артады деген үміттеміз.

 Жеңімпаздардың көрсеткіштері:

1. Қазақстан (Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий) - 1:15:40.3 (1+5 0+7)

2. Қазақстан (Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов) - +14.2 (0+3 0+6)

3. Жапония - +2:44.8 (1+6 0+7).

Соңғы жаңалықтар