Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлерінің дені шетелге кеткен жоқ - Тұрсын Жұртбай

2017 жылғы 7 желтоқсан 18:31 737
Поделиться:
Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлерінің дені шетелге кеткен жоқ - Тұрсын Жұртбай

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлеріі шетелге кеткен жоқ. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбай Ақтөбеде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш идеясы - Мәңгілік елдің ұстанымы» атты республикалық конференцияда осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференцияда ел бірлігі мен тұтастығы, Әлихан Бөкейхан және қазақ этнонимі туралы айтылды.

Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлерінің дені шетелге кеткен жоқ - Тұрсын Жұртбай 

Ғалым Тұрсын Жұртбай алашордашылардың тіл, дін, мәдениет пен ұлттық құндылықтар туралы ойы мен ұстанымын жан-жақты жеткізді.

«Алаш идеясы дегеніміз - көшпелілердің, қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тамыры. Бұл идея 1901-1905 жылдары қалыптасып, Санкт-Петербургтегі Алашордашылар жиналысында талқыланған, Мұхамбетжан Тынышбаев баяндама жасаған. Мен 40 жыл бойы ұлттық идеялар туралы зерттедім. Алаштың айналасында мәселе көп. Бір ғана ой айтамын. Ажал төніп тұрса да бірде-бір алаш қайраткері шетелге кеткен жоқ.  Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ», - деді Т.Жұртбай.

Ақтөбеде өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференцияға мұғалімдер мен студенттер де қатысты. Конференция кезінде М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова алаш ғылымы және Мәңгілік ел идеясы туралы айтып берді.

Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлерінің дені шетелге кеткен жоқ - Тұрсын Жұртбай 

Ал, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы «Әлихан Бөкейхан және қазақ этнонимі» тақырыбын қозғады.

«Әлихан Бөкейханның мұрасын тұтастай «Ұлттану» деуге болады. «Қазақ» этнонимі осы күрделі мәселенің бірі. Онда қазақтың елі, жері, тілі, ұлттық санасы, діні мен мемлекеті, тұтастай ұлттық болмысы жатыр. Сондықтан Ә.Бөкейхан қазақ ұлтының болашағын ұлттың мемлекетттілігімен байланыстарады. «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген ашық мәлімдемесінде кадет партиясының Ұлт автономиясына қарсы болғандығынан да кеткенін айтады. Дербес мемлекетсіз қазақ ұлты бара-бара жерінен, дінінен, ділінен айырылатынын терең түсінді. Ол қазақты мемлекет құрушы ұлт мәртебесіне ие, дамыған, кемелденген елдер қатарынан көргісі келді. Ол мүмкіндік қазақ ұлтына  ХХ ғасырдың аяғында ғана бұйырды»,- деді А.Айталы.

Ажал төніп тұрса да алаш қайраткерлерінің дені шетелге кеткен жоқ - Тұрсын Жұртбай 

Ақтөбедегі ғылыми-практикалық конференция ертең де жалғасады. Конференция кезінде тәуелсіздік идеясы, рухани код, мемлекеттік тіл туралы айтылады. 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат