Әзербайжанның СІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапатталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяровпен кездесті, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесу барысында Бейбіт Исабаев ӘР СІМ басшысына екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Кездесу аясында тараптар екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар