Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -7 °С
Алматы: 2 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Әзербайжанның Баку және Шеки қалаларында Сыр елінің мәдениет және өнер күндері өтеді

2017 жылғы 30 наурыз 18:55 1094
Бөлісіңіз:
Әзербайжанның Баку және Шеки қалаларында Сыр елінің мәдениет және өнер күндері өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алдағы сәуір айының 10-16 күндері аралығында Қызылорда облысының Әзербайжан Республикасындағы мәдениет және өнер күндері аясында Баку және Шеки қалаларында гастрольдік сапары ұйымдастырылады.

 Оған облыстық театр және филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысып, өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді деп жоспарлануда. 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

  Аймағымызда Елбасы Жолдауы облыстық мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлерінің арасында кеңінен насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы Жолдаудан туындайтын басым бағыттардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды архив», «Электронды кітапхана», «Виртуальды музей» ақпараттық жүйелерін қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар әзірленіп, жұмыстар атқарылуда. 

Брифинг барысында басқарма басшысы бүгінгі күнге дейін архивте сақталған 96 мың 917 құжаттың 10 млн.ға жуық парағы сандық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалғандығын айтты. «Цифрлық жүйеге бірінші кезекте құнды құжаттар енгізілуде. Қазір облыс бойынша өлкетану бағытындағы 3343 кітап, 1941-1969 жылдары басылып шыққан «Ленин жолы», «Путь Ленина» газеттері цифрлық форматқа көшірілген. Жаңа технологияларды пайдалану мақсатында алдағы уақытта театр, филармония, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларының билеті онлайн режімінде жүргізілмек», - деп атап өтті ол.

Ержан Ахметұлының сөзіне қарағанда, биылғы мәдениет саласындағы жоспарланған шаралар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы, таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналып отыр.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат