Әзербайжандық мыңнан астам сағат жинаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағат жинаумен айналысатын Бакудегі Маштаг кентінің тұрғыны Рамиз Әлиев Әзербайжан астанасының тұрғындарын таң қалдырып жүр.

64 жастағы сағат жинаушының үйі кәдімгі сағат мұражайына айналған.

«Анадолы» агенттігінің мәліметінше, Әлиев үстел, қабырға және қалта сағаттарын жинауды бала кезінен әдетке айналдырған.

Оның коллекциясында қазір Германия, Франция, Швейцария, Жапония, АҚШ, Ресей және басқа да елдерде жасалған мыңнан астам сағат бар. Ал ішінде XIX ғасырдан қалған жәдігер сағаттар да кездеседі.

Үйін сағаттар мұражайына айналдыруды армандайтын ол «менің әкем сағат жөндеуші болған»,-дейді.

Соңғы жаңалықтар