Әзербайжандар «Қаралы қаңтар» құрбандарын еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Новруз» әзербайжан этномәдени бірлестігі 1990 жылдың 20 қаңтары күні Бакуде болған оқиғаларға қатысты Әзербайжандағы Бүкілхалықтық аза тұту күніне арналған іс-шара өткізді, деп хабарлайды ҚХА сайты.

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина және  этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері  қатысты.

Осыдан жиырма жеті жыл бұрын кеңестік мемлекеттің әскери машинасы Бакуде ұлттық еркіндік пен өз елінің аумақтық тұтастығы үшін жиналған бейбіт халықты қатігездікпен басып, көптеген адамның өліміне себепші болған. Алайда ол әзірбайжан халқының ерік-жігерін, өз тәуелсіздігіне деген ұмтылысын тоқтата алмады. Бұл оқиғалар  Әзербайжан тарихына  «Қаралы қаңтар» деген атаумен енді.

1990 жылдың 20 қантарында ерлікпен қаза тапқан азаматтарға арналып Баку қаласының Таулы саябағында Батырлар аллеясы құрылды. Бұл күн Әзірбайжанда тоталитарлық режімнің құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Жыл сайын ел астанасының мыңдаған тұрғындары осы оқиғалардың құрбандарын еске алып мемориалға гүл шоқтарын қоюға келеді.

Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Зубариев өз сөздерінде қаңтардағы қантөгіс ортақ қайғы екенін атап өтті.   

1990 жылы Бакуде болған «қаралы қаңтар» трагедиясы 1986 жылы Алматыда, 1989 жылы Тбилисиде болған қанды оқиғалардың жалғасы болып табылады.

 

Соңғы жаңалықтар