Әзербайжанда түркі әлемінің көне ұлттық ойындары өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Гянджа қаласында Түркі әлемі дәстүрлі балалар ойынының төртінші фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.  

Мұндағы 100 қатысушының арасында қазақстандық оқушылар да бар. Олар шараның ашылу салтанатында ұлттық билерімізді билеп, көпшілікті тәнті етті. Жалпы балалар асық, бестас секілді ұлттық ойындар бойынша сынаққа түседі.

Айта кеткен жөн, бұл фестиваль алғаш рет Алматыда өткен еді. Одан кейін Астана мен түріктің Эскишехир қаласында ұйымдастырылған.

«Қатысушылардың барлығы сондай мейірімді. Бәріміз татумыз. Біз бір-бірімізге туған қаламыз жайлы, достарымыз туралы айтып, ақпарат алмастық», - дейді Қазақстаннан келген қатысушы Лиана Ибрагим.

Мұндағы мақсат - көне ұлттық ойындарды дәріптеу, балаларды жалпы түркі мәденитіне тартып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

«Түркітілдес елдердің барлығында бұл ойындар ұқсас келеді. Олар осы күнге дейін жетіп отыр. Алайда жоғары технологиялар заманында ұмыт бола бастады. Сондықтан бұл ойындарды қайта жандандыру үшін балалардың басын қосып, оларды ауызбіршілік пен достыққа шақырып отырмыз», - деп атап өтті «Юнус Эмре» институтының Бакудегі бөлімшесінің директоры Ибрагим Йылдырым. 

Соңғы жаңалықтар