Әзербайжанда оқушылар мінген шағын автобус апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжанның Евлах ауданында болған жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен 15 адам аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды trend.az.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін  олар үйлеріне қайтарылды.

Ал тағы бес адам Мингечевир аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың үшеуінің жағдайы тұрақты, екеуі ауыр халде.

Еске сала кетсек, бүгін Евлах ауданы аумағында оқушылар мінген шағын автобус апатқа ұшыраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар