Әзербайжанда бірқатар мемлекеттік құрылымдар қайта құрылды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті бірнеше мемлекеттік құрылымдарды қысқартып орнына жаңасын ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Экономика министрлігінің Монополияға қарсы саясат және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік қызмет кешенінің аясында Монополияға қарсы және тұтыну нарығын бақылау жөніндегі мемлекеттік агенттік құрылады. Жаңа агенттік орталық атқару билігі статусына ие болады.

Авторлық құқықты қорғау агенттігінің Патенттер мен сауда белгілері орталығына қосылуы нәтижесінде Зияткерлік меншік агенттігі пайда болады. Агенттіктің құрылтайшысының негізгі өкілеттіктері Әзербайжан президентінің қолында болады.

Бұдан басқа, Стандарттау, метрология және патент жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылады. Оның өкілеттіктері екі құрылым арасына бөлінеді. Монополияға қарсы және тұтыну нарығын бақылау жөніндегі мемлекеттік агенттікке техникалық реттеу, стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және сапаны басқару өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, аталмыш агенттікке Әзербайжанның метрология институты, Әзербайжан стандарттау институты және Әзірбайжан аккредиттеу орталығы сияқты қоғамдық құрылымдардың өкілеттіліктері беріледі.

Зияткерлік меншік агенттігіне өнеркәсіптік меншік нысандарын қорғау өкілеттіктігі беріледі.

Әзербайжан президенті, сонымен қатар Мәдениет және туризм министрлігін таратып, оның орнына Мәдениет министрлігі және Әзербайжанның туризм бойынша мемлекеттік агенттігін қайта құрды.

Соңғы жаңалықтар