Әзербайжан Президенті Халықаралық түркі академиясының басшысын қабылдады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Бакуде Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Дархан Қыдырәлі Әзербайжан басшысын Халықаралық түркі академиясының жұмысымен таныстырып, ұйымның алдағы жоспарлары мен міндеттері жайлы әңгімеледі. Илхам Әлиев Академияның іске асырып жатқан жобаларының маңыздылығын атап көрсетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ильхам Әлиев Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге «Достлуг» («Достық») орденін табыс етті. 

null null null 

фото: trend.az

Соңғы жаңалықтар