Әзербайжан ОСК президенттік сайлауға тағы үш үміткерді тіркеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сенбі күні президенттік сайлауға қатысатын тағы үш кандидатты тіркеді, деп хабарлайды trend.az.

Бұл туралы шешім ОСК-ның бүгінгі отырысында қабылданды.

Атап айтқанда, «Движение национального возрождения»  партиясы атынан Фарадж Гулиев, «Современный Мусават» партиясынан Хафиз Гаджиев және «Инициативной группы фронтистов» атынан Рази Нуруллаев  тіркелген.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын ОСК  Әзербайжан Президенті Ильхам  Алиевті, өзін-өзі ұсынған Захид Оруджды, Әзербайжан Социал-демократиялық партиясы атынан ұсынылған Араза Ализадені және  «Народного фронта целостного Азербайджана» партиясынан Гудрат Гасангулиевті тіркеген болатын.

Әзербайжан президенттігіне сайлау 2018 жылы 11 сәуірде өтеді. Президентік сайлауға 15 кандидат қатысады. 

Соңғы жаңалықтар