Әзербайжан Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізбек

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы 28 қыркүйекке жоспарланған ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізді.

Бұл туралы ОСК төрағасы Мазахир Панахов мәлім етті.

«Барлық ақпараттар дереу ОСК-ға түсіп отыруы үшін, сайлау учаскелері техникалық құралдармен түгел жарақталды. Сайлау барысында ешқандай қиындықтар туындамайды деп ойлаймын», - деді ол.

Панаховтың айтуынша, шет елдерде сайлаушылар үшін дауыс беруге барлық жағдайлар жасалған. Әзербайжанның елшіліктері мен консулдықтарында сайлау учаскелері ашылды.

Сайлау барысын бақылау үшін ОСК-ға 35 елден 117 халықаралық байқаушы аккредитациядан өткен.

Еске салайық, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев 2016 жылдың 26 қыркүйегі күні Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы қаулыға қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар