Әзербайжан Қазақстанның Кавказ аймағындағы негізгі серіктесі - Әбдіқалықова

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Әзербайжан Республикасы Милли Меджлис (парламент) төрағасы Октай Асадовпен кездесу өткізді.

«Біздің мемлекеттер тығыз ынтымақтастықта қызмет етіп келеді және Әзербайжан біздің Кавказ аймағындағы негізгі серіктесіміз және бауырлас ел. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Әзербайжанға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастағы маңызды оқиға болмақ», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті барын атап өтті. Биыл экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай өсім байқалуда және алда тауар айналымы деңгейін дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізу міндеті тұр.

Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясында елімізде өмір сүріп жатқан әзербайжан халқының барын, олардың ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейтінін хабарлады.

Мемлекеттік хатшы екі елдің мәдениет саласында тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті және Ақтауда «Каспий - достық теңізі» халықаралық фестивалі аясында Муслим Магомаевтың құрметіне өткен концертті еске салды.

Кездесу барысында қос тарап қазақстандық-әзербайжандық қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады.

Еске сала кетсек, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзербайжан астанасында барды және әзербайжандық тараптың шақыртуымен V Баку халықаралық гуманитарлық форумына қатысады.

Соңғы жаңалықтар