Әзербайжан Каспий теңізінде жаңа ұңғымаларды іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Каспий теңізіндегі "Мұнай тастары" кен орнында жаңа ұңғымаларды іске қосты. Енді компания жыл сайын қосымша 3,65 мыңнан астам тонна мұнай өндіретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тtrend.az» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның таратқан баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, SOCAR 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде елдің офшорлы және оншорлы кен орындарынан 4,34 млн тонна мұнай өндірген. 2016 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 4,42 млн тонна болған. Ал 2016 жылы компания елдің офшорлы және оншорлы кен орындарынан 7,52 млн тонна қара алтын өндірген, 2015 жылы - 8,16 млн тонна.

Жалпы Әзербайжанда өткен жылы 41,03 млн тонна мұнай өндірілді, 2015 жылы - 41,58 млн тонна. 

Соңғы жаңалықтар