Әзербайжан Исламиада эстафетасын Түркияға тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакудегі IV Ислам ынтымақтастық ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Әзербайжан эстафетаны Түркияға тапсырды, деп хабарлайды Trend .

Ислам ойындары спорттық федерациясының Бас хатшысы Файсал Абдулазиз әл-Нассар Ислам ынтымақтастық ойындарының өкілі, Түркияның Жастар және спорт министрінің орынбасары Камуран Өзденге туды табыс етті. 

Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасы Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында IV Ислам ынтымақтастық ойындары өткізілді. Қазақстан атынан  Ойындарға 5 спорт түрі бойынша 32 спортшы қатысты. Олар бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресінен ел намысын қорғады.

 

Соңғы жаңалықтар