Азаптауларды тексерудің қазақстандық әдісін әзірлеу қажет - Меркель

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаптауларды тексерудің қазақстандық әдісін әзірлеу қажет. Мұндай ұсынысты бүгін 4-ші түрме реформасы форумы барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ыстанбұл хаттамасы негізінде жауапты заңнамаға бейімделген азаптауларды тексерудің меншікті әдістемесін әзірлеу қажет. Сонымен қатар оқу курсын әзірлеп, оны заңгерлер мен тергеушілер үшін барлық білім беру мекемелерінде міндетті қылып енгізген жөн», - деп атап өті Меркель.

Сонымен қатар ол ҚР Бас прокуратурасы Құқық қорғау органдырың академиясы базасында кезең-кезеңімен барлық лауазымды тұлғаларды қамти отырып,  оқыту семинарларын өткізу қажеттігін баса айтты.

«ІІМ мен Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үшін азаптау туралы шағымдары тергеу кісі өлтіру, зорлау, қарақшылық және басқа да ауыр қылмыстармен бірдей басымдықта болуы тиіс деп белгілеу қажет», - деді ол.

Айта кетерлігі, Бас прокурордың бірінші орынбасары форум барысында «Азаптаусыз қоғамға қарай» жобасының тұжырымдамасын таныстырған болатын. Тұжырымдамаға сәйкес азаптау қылмысқа  жатқызылып, азаптау құрбандарына өтемақы төлеу қолға алынады. Қылмыстық жазаларды орындау кезінде сотталғандардың құқықтарына кепілдік беріледі. Мәжбүрлеп жер аударуға тыйым салынады.  

Соңғы жаңалықтар